ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің "ҚР жоғары оқу орындарына шетелдік ғалымдарды тарту" бағдарламасын іске асыру шеңберінде және бекітілген жоспарға сәйкес бизнес және кәсіпкерлік мектебіне шақырылды:
- PhD докторы, Памуккале университетінің экономика және әкімшілік ғылымдар факультетінің қауымдастырылған профессоры-Özay Özpençe;
- PhD докторы, Люблин технологиялық университетінің менеджмент факультетінің доценті, Халықаралық ынтымақтастық бойынша үйлестіруші—Sloniec Jolanta Honorata;
- PhD докторы, Памуккале университетінің экономика және әкімшілік ғылымдар факультетінің қауымдастырылған профессоры-Aylin Idikut Özpençe.
Шетелдік ғалымдар өз зерттеулерін жүргізуге көмектесетін және еуропалық деңгейде инновациялық әдістерді пайдалана отырып, озық білім алуға мүмкіндік беретін ШҚТУ студенттерімен, магистранттарымен өз тәжірибелерімен бөлісуге дайын.