Халықаралық экология күн тәртібінде тұрған маңызды мәселелер - климаттың жылу қаупі және көміртекті бейтараптық нәтижесі. Былтыр қараша айында Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ базасында Қазақстан Республикасындағы алғашқы Карбон орталығы құрылды.

Оның құрылуына Қазақстан Президентінің халықаралық конференцияда «пайдалы қазбаларға деген басыбайлыққа қарамастан, Қазақстан 2060 жылға дейін көміртектік бейтараптық жетістігі туралы алғашқы болып жариялаған елдердің бірі» деген сөзі алғышарт болды.

Университет өз базасында климаттық зерттеулер жүргізу үшін ауқымды жоба бастады. Бұл салада Түмен мемлекеттік университетінің ресейлік әріптестерімізбен ынтымақтастық ұйымдастырылды. 6 қыркүйек күні көрші мемлекеттен әріптестер алғашқы зерттеу жүргізу үшін келді. 7 қыркүйек күні ШҚТУ жобалары мен оларды жүзеге асыру мүмкіндіктері талқыланды. Зерттеу жұмыстары мен қаржыланған жобалар нәтижелері бірлесе жарияланатын болады.