2023-2024 оқу жылында біздің жоо-да сауалнаманың келесі түрлері өткізілді: «Университет түлектердің көзімен», «Университет бірінші курс студенттерінің көзімен», «Оқытушы білім алушылардың көзімен», «Оқытушы әріптестердің көзімен» және «БМЖ бағалау». Сауалнама нәтижелері Басқарма Мүшесі — ғылым және инновациялар жөніндегі Проректор Ж.Т. Конурбаеваның төрағалығымен білім алушылар өкілдерінің декандары, декан орынбасарлары, құрылымдық бөлімшелер басшылары арасында біріктірілген менеджмент жүйесі жөніндегі үйлестіру кеңесінің (БМЖ жөніндегі ҮК) отырыстарында ұдайы қаралады. Бұдан басқа, БЖМ бойынша ҮК-дан кейін нәтижелер мектептердің сапасын қамтамасыз ету жөніндегі комиссиялардың отырыстары шеңберінде әрбір мектептің ішінде қаралады.

Сауалнамадан өту кезінде білім алушылар мен оқытушылар келесі бағыттарды жақсарту бойынша өз тілектері мен ұсыныстарымен бөлісті: университетте іс-шаралар өткізу, университет ғимараттары мен жатақханаларда жөндеу жұмыстары, оқу процесі (кесте), университетте навигация, бірінші курс студенттерін бейімдеу. Білім алушылар үшін кураторлардың жоғары рөлі атап өтілді. Сауалнама нәтижелерімен университет сайтында танысуға болады: /abouttheuniversity/qms/svok/poll.aspx?lang=ru.

Тілектер мен ұсыныстарды ескере отырып, университетте маңызды өзгерістер енгізілді.

Зияткерлік іс-шара өткізілді. 2024 жылдың наурыз айында акт залында «Pretty Woman» тақырыбында квиз-пати өтті және сәуір айында кітапханада алғаш рет 2-курс студенттеріне «Қаныш Сәтбаев және оның ғылыми мұрасы» тақырыбында квиз өтті. Сонымен қатар, студенттер мен қызметкерлер үшін әлемге әйгілі ғалым Қаныш Сәтбаевтың ғылыми жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды.

Сабақ кестесі бойынша ескертулер аз болды.  Биылғы оқу жылында кесте бұрынғыдай автоматтандырылғанын атап өткім келеді. Қыркүйек айында екі апталық түзетулерден кейін бірінші және екінші курс студенттері Дене шынықтыру кестесін таңдады. Жоғары курстар мен магистратураға түзетулер шетелдік профессорлардың келуіне байланысты жүргізілетін болады.

Кітапхана қоры бойынша бірқатар ұсыныстар болды, олар БМЖ бойынша ҮК отырыстарының бірінде айтылды. Биылғы жылы «АЛЬМАНАХ», «АДАЛ КІТАП» және «ЛАНТАР» сияқты баспалардан әдебиеттерді сатып алу мүмкіндігі қарастырылуда, сондай-ақ 2025 жылдың маусым айында электрондық кітапханаға жазылу жоспарлануда.

Оқушылардың, оқытушылардың және қызметкерлердің денсаулығын сақтау мақсатында фитнес залдары жұмыс істейді, олар дүйсенбіден жұмаға дейін, сондай-ақ сенбі күндері де ашық. Сонымен қатар, фитнес залдары жатақханаларда да қолжетімді. Жұмыс кестесімен Денсаулық және спорт орталығында танысуға болады.

Инфрақұрылымды жақсарту бағдарламасы шеңберінде оқу және әкімшілік корпустарда жөндеу жұмыстарының негізгі кезеңдері аяқталды. Негізгі күш-жігер оқу аудиторияларын жаңартуға, коммуникациялық жүйелерді ауыстыруға және жатақханаларда тұру жағдайларын жақсартуға бағытталды. Негізгі ғимарат күрделі жөндеуден өтті: Г3 және Г1 қабаттарындағы аудиториялар жаңартылды, есік блоктары ауыстырылды, 1,2 қабатты дәліздердегі едендер жөнделді және табиғи жарықтандыруды жақсарту үшін бірнеше аудиторияда шыны бөлімдер орнатылды. №1 және №3 жатақханаларда дәліздер мен тұрғын бөлмелерге жөндеу жұмыстары жүргізілді, душ бөлмелеріндегі жылыту жүйелері мен тақтайшалар ауыстырылды.

Оқу процесіне қатысты іс-шаралар мен жаңалықтар туралы барлық ақпарат жедел түрде әлеуметтік желілерде, Instagram (EKTU STUDENT LIFE және EKTU.KZ), Facebook және Telegram («Болашағыңды таңда – ШҚТУ таңда») парақшаларында, сондай-ақ кітаптардың жаңа түскендері туралы ақпарат (LIBRARY_EKTU) және университет сайтының жаңалықтар бөлімінде орналастырылады. Сайт пен порталдың пайдалану бойынша бейнесабақтар YouTube-те қолжетімді.

2023-2024 оқу жылындағы өте маңызды оқиға – алғаш рет жаңа форматта өткен мерекелік диплом тапсыру рәсімі болды, ол қуаныш пен толқу атмосферасында өтті. Түлектер өздерінің көп жылдық қажырлы еңбегі мен жетістіктерін бейнелейтін дипломдарын мақтанышпен алды. Салтанатты рәсімде университет өкілдері сөз сөйлеп, түлектерді өмірлеріндегі маңызды кезеңмен құттықтап, оларға болашақта сәттілік тіледі.

2024-2025 оқу жылында бірінші курс студенттері үшін олардың өміріндегі маңызды оқиғаға айналған салтанатты жиын өтті. Сондай-ақ кураторлық сағаттар өткізіліп, онда старосталар сайланып, келесі тақырыптар талқыланды: Қазақстан Президентінің 2024 жылғы жолдауы, ШҚТУ-дағы оқу және ішкі тәртіп ережелері, жатақханалардағы студенттердің құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ интернет-алаяқтық мәселелері. Барлық кураторлар ішкі тәртіп ережелерімен танысып, оларды растау актісіне қол қойды. Бірінші курс студенттері үшін жеке кабинеттер мен университеттің білім беру порталдарын пайдалану бойынша оқу сессиялары өткізілді. «ШҚТУ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру және академиялық адалдықты енгізу» тақырыбында дәріс ұйымдастырылып, студенттерге университеттің ашықтықты қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу шаралары түсіндірілді. Сондай-ақ, бірінші курс студенттері үшін кітапханамен таныстырудың жаңартылған іс-шарасы өткізілді, оған оның құрылымы, жұмыс тәртібі және әдебиеттер туралы презентациялар болды.

Барлық оқу материалдары, жоспарлар және бағалау жүйесі бірінші курс студенттеріне силлабустар мен академиялық саясаттарда қолжетімді. ШҚТУ сайтында ақпарат блоктық форматта ұсынылған, ал оқу орнының бірінші қабатындағы теледидарда ғимараттар мен аудиториялардың орналасу сызбалары көрсетілген.

Біз білім беру процесінің барлық қатысушыларының пікірлерін үнемі дамытуға және ескеруге тырысамыз.