Қараша айында ШҚО-да ЖОО студенттері мен магистранттары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған жобалар байқауы басталды. 30-ға жуық өтінім келіп түсті, оның ішінде 12 жоба финалдық кезеңге өтті.
11-16 қараша аралығында Өскемен және Семей қалаларында байқаудың іріктеу кезеңінен өткен қатысушылар өз жобаларын қорғады. Комиссия шешімі бойынша Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ студенттері Анель Ринатова және Жұпар Марат «Адалдық балабақшадан басталады» атты жобасымен 2-орынды иеленді.
Конкурстың жеңімпаздары 9 желтоқсанда Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай өтетін өңірлік форумда марапатталады.