Ынтымақтастық туралы меморандумға ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы полиция полковнигі Қайсар Сұлтанбаев пен Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің проректоры Наталья Денисова қол қойды.

Жоғары оқу орны мен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің өкілдері «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану» және «Жол қозғалысын ұйымдастыру» білім беру бағдарламалары бойынша ынтымақтастықты дамытуды қолдап, жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша оқу процесін жетілдіруге, сондай-ақ ғылыми – әдістемелік қызмет саласындағы, оның ішінде бірлескен конференциялар, семинарлар, вебинарлар, тренингтер, конкурстар өткізудегі бірлестікке күш-жігер жұмсауға ниетті.

Құжатқа сәйкес тараптар өзара мүддені білдіретін ғылыми және білім беру саласында ынтымақтасуға, сондай-ақ аумақтық полиция департаменттерінің жол және техникалық инспекциясы бөлімшелеріне тасымалдауды, жол қозғалысын ұйымдастыру және көлікті пайдалану сияқты мамандықтар бойынша ШҚТУ университетінің түлектерін жұмысқа орналастыруға одан әрі жәрдемдесуге ниетті.

Салтанатты қол қою рәсімі аясында полиция полковнигі Қайсар Сұлтанбаев оқу ордасының студенттерімен кездесіп, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмек көрсетуге дайындықтары үшін алғыс білдірді.