Қазақстан мен ТМД елдеріндегі ең "жасыл" университет - ШҚТУ. Бұл әлемдік UI Green Metric әлемдік көрсеткішімен расталған.

Жыл сайын UI Green Metric бұл рейтингті желтоқсан айында жаңартып тұрады. Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ бұл рейтингке үшінші жыл қатарынан қатысуда.

2022 жыл қорытындысы бойынша 1020 әлемдік қатысушылар арасында 105-ші орынды иеленіп, былтырғы жылмен салыстырғанда 94 университеттен үздік орынды иелендік. 18 орынға көтеріліп, елімізден қатысып отырған 12 жоғары оқу орындары арасында біріншілікті сақтадық. ТМД елдері арасында ШҚТУ 3-ші орынды сақтап отыр.

Тұрақты даму мақсатын енгізу университет көздеген стратегиялық қадамдардың бірі. Өз әрекеттерімізді мысалға келтіре отырып, қазіргі экологиялық талаптарды орындау әсте мүмкін екенін дәлелдейміз. UI Green Metric бағасы бұл бағыттағы жетістіктерімізді айқындайды.

ШҚТУ-ды құттықтаймыз, жеңіс пен жетістіктерге жете берейік!