Жастар – еліміздің тұғыры. Сондықтан бәсекеге қабілеті бар, дені сау ұрпақ қалыптастыру қашанда назардан тыс қалған емес. ШҚТУ-да ШҚО полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен бірігіп «Студенттер есірткіге қарсымыз!» атымен өткен акция соның бір дәлелі. Іс-шараға оқу орынның студеннтері мен басшылығы, сондай-ақ ШҚО Полиция департаментінің қызметкерлері ШҚО ІІД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы полиция полковнигі Жұмаділов Дәулет Бейсенғалиұлы, қалалық ІІБ бастығының орынбасары, полиция полковнигі Рыспаев Орал Нұрланұлы, «Аманат» партиясының жастар қанатының төрайымы Туғамбаева Қорлан және Өскемен қаласы прокуратурасының прокуроры Ирков Роман қатысты.

Оқу орын алаңының төріне денсаулық бұрышын іліп қойылған. Сонымен қатар оқу орынның басшылықтары да ілім алушыларды осы бастан денсаулықтарына салғырт қарамай бойларын зиянды нәрселерден таза ұстауына шақырды.

«Флешмоб пен челлендждің ұйымдастырудағы мақсатымыз жастар буынын есірткі, темекі сынды адамның ағзасына зияны бар психотропты заттарды қолданбай салауатты өмір салтын ұстануға шақырамыз. Және оны айналымға болдырмау!» – деді ШҚО ІІД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы полиция полковнигі Жұмаділов Дәулет Бейсенғалиұлы.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымдарының мәліметінше жас өспірімдер арасында электронды темекі қолданушыларының саны жыл санап артып келеді. Бұл індетпен ата-ана болып, оқу орнының ұжымдары және қоғам болып күресуіміз қажет.