Құрметті студенттер, әріптестер, серіктестер! Керемет жаңалықпен бөлісуге қуаныштымыз!
«Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ» Орталық Азия білім жүйесін аккредиттеу қауымдастығында (САААЕ) халықаралық институционалдық аккредиттеуден сәтті өтті.
2024 жылғы 23 желтоқсанда Орталық Азия білім жүйесін аккредиттеу қауымдастығының (САААЕ) Аккредиттеу Кеңесінің отырысы өткен болатын.
Аккредиттеу Кеңесінің шешімімен университетке аккредиттеу 7 жыл мерзімге берілді.
Естеріңізге сала кетейік, CAAAE келесі халықаралық ұйымдардың өкілі, сондай-ақ мүшесі болып табылады:
- Жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз етудің Еуропалық қауымдастығы (ENQA);
- Инженерлік білім беру саласындағы аккредиттеу жөніндегі Еуропалық желісі (ENAEE);
- Білім беру сапасына кепілдік беру агенттіктерінің еуропалық тізілімі (EQAR).
Бұл ШҚТУ-ның жоғары әлемдік стандарттар мен жоғары білім мен ғылымның трендтеріне сәйкестігін және әлемдік қоғамдастық тарапынан танылуын растайды!
Жоғары кәсібилігі үшін Орталық Азия білім жүйесін аккредиттеу қауымдастығында алғыс айтамыз!
Университет ұжымын институционалдық аккредиттеу рәсімінің сәтті аяқталуымен құттықтаймыз. Білім беру бағдарламаларының сапасын одан әрмен арттыруда және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауда табыс тілейміз.
Даму стратегиясы және сапаны қамтамасыз ету басқармасы