Бүгін Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-ға "Серпін – 2050 мәңгілік ел жастары - индустрияға" мемлекеттік бағдарламасы бойынша ШҚО-ға оқуға түскен жастармен кездесу мақсатында Түркістан облысының делегациясы келді.
Делегация құрамында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының "Жастар ресурстық орталығы" КММ басшысының орынбасары Имашев Азамат Бақытжанұлы, "NEET санатындағы жастармен жұмыс" бөлімінің басшысы Бимаханбетов Дінислам Нартайұлы, "БАҚ және қоғаммен байланыс" бөлімінің инспекторы Тұрдымұратұлы Мақсат, Бәйдібек ауданы ішкі саясат бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" КММ басшысы Керікбаев Жамбыл Амангелдіұлы және Сарыағаш ауданы ішкі саясат бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" КММ басшысы Отаров Нұрғали Жарқынбайұлы болды.
Қонақтарды "VERITAS" аналитикалық зерттеулер зертханасы, "Алтын Алтай" мұражайы, "SMART ENGINEERING", Құрылыс және құрылыс технологиялары саласындағы, виртуалды шындық саласындағы құзірет орталықтары, студенттердің өмір сүру және тұру жағдайлары таныстырды.
Қонақтар ШҚТУ-да студенттерді оқытуға, бос уақытын өткізуге, спортпен шұғылдануға, сондай-ақ жатақханаларда жайлы тұруға барлық жағдай жасалғанын атап өтті.
Кездесуде қонақтар студенттердің сұрақтарына жауап беріп, оларға жақсы оқу және өңірде одан әрі жұмысқа орналасуын тіледі.
Кездесу соңында екі тарап ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.