Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетіне оқу бағдарламаларын аккредитациялау мақсатында IAAR сыртқы сарапшылар комиссиясы келді. Жоғары оқу орнының білім сапасын бағалау жұмыстары 25-27 сәуір аралығында жүреді.
Сарапшылар құрамы IAAR ССК Төрағасы, «Ульянов мемлекеттік техникалық университеті» ЖО ФМББМ т.ғ.к, доцент Тамьяров Андрей Валериевич, IAAR шетелдік сарапшылары Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясы доценті, э.ғ.к Королев Константин Юрьевич, Янки Купала атындағы Гродно мемлекеттік университеті т.ғ.к Воропаев Виктор Викторович, Әзірбайжан сәулет-құрылыс университеті Маммадова Лейла Васиф кызы, IAAR сарапшылары, жұмыс берушілер, студенттер және үйлестірушілерден құрылған.
Сарапшылар Social медиа маркетинг, Медициналық инженерия, Технологиялық кәсіпкерлік, Мемлекеттік қаржы менеджменті, Табиғи және техногенді ТЖ қауіпсіздігін инновациялық басқару, Жер кадастры және жерді орналастыру, Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану, Жобалаудағы ВІМ технологиялар, Математика және жылу энергетикасы оқу бағдарламаларын аккредитациялайтын болады.
Оқу бағдарламаларының жетекшілеріне сәттілік тілейміз!