Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті – облыстың, еліміздің кадрлары ұстаханасы. Жыл сайын біздің жоғары оқу орнын мыңдаған мектеп, колледж түлектері, магистратура мен докторантурада білімдерін жетілдірем деген жоғары білімі бар мамандар таңдайды.
Биыл 600-ден астам абитуриент мемлекеттік грант ұтып, ШҚТУ студенті мәртебесіне ие болды. Жалпы білім грантын ала алмағандар жергілікті атқарушы органдар грантының иегерлері атана алады.
Жоғары білім барлығына қажет. Сондықтан оны алудан асқан бақыт жоқ. Ал студенттік шақ – ұмытылмас өмір кезеңі. Барлық абитуриенттерге сәттілік тілеймін!
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми Телеграм-арнасында грант иегерлерінің тізімі жарияланды. (төменде сілтеме бекітілген)