Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ бас ғимаратының акт залында Шығыс Қазақстан облысы жастарының БҰҰ Бас Ассамблеясы мойындаған жемқорлыққа қарсы күрестің халықаралық күніне орайластырылған Шығыс Қазақстан облысы жастарының форумы болды.
Форумда ҚР мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі ШҚО бойынша департаментінің басшысы Ғалымбек Досанов, «Нұр Отан» партиясы ШҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары Түсіпхан Түсіпбеков, ШҚО Жастар ақпараттық-талдау агенттігі қоғамдық кеңесінің төрайымы Ольга Нечаева, ШҚО жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма жетекшісі Жасұлан Сарсебаев, сондай-ақ Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың «Философия және адам дамуы проблемалары» кафедрасының доценті, социологиялық ғылымдар кандидаты Элеонора Столярова баяндама жасады.
Шара қорытындысында форумға қатысушылар облыс жастарына үндеу қабылдады.
Жанат Намысбаева