"Қазақстан жетекші жоғары оқу орындарына шетел ғалымдары мен консультанттарын тарту" бағдарламасын іске асыру аясында Ресей Тұңғыш Президенті Б. Н. Ельцин атындағы Орал федералды университетінің доценті, техника ғылымдарының кандидаты Ольга Сергеевна Анисимова 01.09 - 23.11 аралығында 21-ММТ-2Т Металлургия және пайдалы қазбаларды байыту мектептері тобының магистранттарына "ерітінділерден металдарды шаю және бөлу процестерінің теориялық негіздері " пәні бойынша дәрістер өткізді. Сол сияқты аталған университеттің техникалық ғылымдар докторы Мамяченков Сергей Владимирович 01.09-дан 23.11-ге дейін "Қазіргі жағдайда техногендік минералды түзілімдерден құнды компоненттерді алу мәселелері" тақырыбында дәрістер, дисертациялық жұмыстардың тақырыптары бойынша ғылыми консультациялар өткізіп, содан кейін "Металлургия"мамандығының докторанттары Маратова Г., Курмангалиев Д., гр 19-DMT-3-мен бірлескен мақалалар дайындап, жариялады.

Шетел ғалымдары мамандарға жаңа білім мен оқыту әдістерін алу мүмкіндігін ашып, университеттің бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Жоғар оқу орнының қоғамдағы тартымды имиджін қалыптастырып, түрлі академиялық және ғылыми мәселелер бойынша консультациялар беру мақсатында жүзеге асырады.