2022 жылғы 15 желтоқсанда ШҚТУ-да БМЖ (біріктірілген менеджмент жүйесі) жөніндегі Үйлестіру кеңесінің келесі мәселелерді талқылауға арналған кезекті отырысы өтті: СМЖ (сапа менеджменті жүйесі) және СЖҚМЖ (сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесі) бойынша "Басшылық тарапынан талдау" есебін тыңдау; "2023 жылға ШҚТУ" КЕАҚ-ның сапа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы Мақсаттарын қарау; № 36 ішкі аудиттің қорытындылары; BIM жобалау саласындағы құзыреттер мен технологиялар трансферті Орталығындағы БМЖ жай-күйі.

Сондай-ақ, БЖМ ішкі нормативтік құжаттары, оның ішінде сапа және сапаны қамтамасыз ету саласындағы Саясат; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Саясаты, процестер бойынша құжатталған рәсімдер қаралды және бекітуге ұсынылды.

https://www.do.ektu.kz/doektu/rectorat/koordsovet.aspx