Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да ТЕД-Х форматында кездесу өтті. Кездесуге университетіміздің студенттері мен оқытушылары қатысты.
Мәдениеті мен ұстанымы, білімі мен білігі, көрегендігі мен алғырлығы, көзқарасы мен өресінің биіктігі, парасаттылығы жағынан жастарға үлгі болып жүрген Шығыс Қазақстан облыстық Жастар ресурстық Орталығының директоры Есімбекова Арайлым Керімбекқызымен өткен кездесу ерекше болды.
ТЕД Х шымылдығын академиялық мәселелер бойынша проректор Жадыра Түсіпханқызы Қонырбаева ашып, Арайлым Керімбекқызын Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан алған «Құрмет» ордені марапатымен құттықтады.
Кездесу қонағы 25 жылда жеткен жетістіктеріне қатысты сұрақтарға жауап бере отырып, қарапайым қазақ қызының образы арқылы адамгершілікке, ізгілікке, жақсылыққа бағыттайтын әңгімелерімен қатысушыларды тәнтті етті.
Сөз соңында «Еліңе адал еңбек ету арқылы отбасыңа қамқор бол» қағидатын ерекше есте ұстау керектігін айтып, қатысушыларға алғыс білдірді. Сонымен қатар спикер университетіміздің бірнеше студентіне өзінің жұрт алдында сөйлеу мәдениеті бойынша айына бір рет тегін дәрісін ұсынды. Бұл ұсыныс - техникалық университет студенттеріне берілген зор мүмкіндік болмақ.