Екі күн қатарынан жоғары оқу орындарының оқытушылары қашықтан жұмыс істеу бойынша өздерінің білім деңгейін арттырды. Осы жылдың көктемінде қашықтан оқытуға еш кедергісіз көшкен жоғары оқу орындары тәжірибемен бөлісті. Олардың қатарында Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, сонымен қатар, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Astana IT University, Халықаралық бизнес университеті бар.
Бүгін Д.Серікбаев атындағы "Coding Skills" it-орталығының бас инженері Руслан Четтықбаев қосымша және виртуалды шындықты қолдана отырып, зертханалық және тәжірибелік жұмыстарды қалай қашықтан жүргізуге болатынын айтып берді.
Сонымен қатар, вебинарға ШҚТУ-дың Мәскеуденгі серіктестері қосылды. Физика-математика ғылымдарының кандидаты Егор Задеба НИЯУ МИФИ-да атом энергиясын пайдалану объектілерінің виртуалды аналогтарын әзірлеу тәжірибесімен бөлісті. Вебинардың негізгі бөлімінен кейін тыңдаушылар пікір алмасып, спикерлерге сұрақтар қойды.
300-ге жуық оқытушы алған білімдерін жаңа оқу жылында қолданбақ.