2016 жылғы 1 маусымнан 31 тамызына дейін Д. Серікбаев ШҚМТУ-да жазғы уақытта университет студенттерін жұмысқа орналастыру ға бағытталған «Жасыл Ел» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда.

DSC_0794

«Жасыл Ел» мемлекттік бағдарламасына қатысып жүрген студенттер келесі жұмыстарды атқарып жатыр: аумақты тазалау, шөптеу, сұғару, гүлдерді отырғызу, шөпті шабу т.б.

Университет басшылығы аталған бағдарламаны жүзеге асыруына қолдау көрсетеді. Тұрақты түрде еңбекақысын алып, «Жасыл Ел» жасақтарының сарбаздары тегін тамақтануға және университет жатақханаларында тегін түрде тұруға мүмкіндік алады.
Қазір университет бас корпусының және А.К. Сидоров атындағы «Простор» спортты-салауатты лагерінің аймағында жұмыс атқару үшін 10 адамнан екі жасақтар құрылды.

Нұрсұлтан Төлеутай, жер туралы ғылымдар факультетінің 15-ГТК-2 тобы студенті:

-  Оқу жылдың уақыьында біздің университетіміз мен үшін екінші үй болып қалды. Сол себептен оқу орнымызды тазалықта ұстауға міндеттіміз. Сондықтан «Жасыл Ел» мемлекеттік бағдарламасына қатысуға шешім қабылдадым. Менің ойымша, «Жасыл Ел» бағдарламасы жастарымызда отансүйгіштік сезімін, жауапкершілікті, еңбекқорлықты тәрбиелейді.

Ардақ Сейілқанова, инженерия факультетінің 15-ПОК-1 тобы студенті:

- Біздің университетіміздің «Жасыл Ел» мемлекеттік бағдарламасына бірінші рет қатысып отырмын. Университетімізде аталған бағдарлама жүзеге асырып жатқанына өте қуаныштымын. Барлық студенттер үшін еңбек тәжірибені алуға, ақша табуға және жаңа достарды табуға мүмкіндік беріледі.

Құрметті студенттер! «Жасыл Ел» еңбек жасақтарының қатарына кіру үшін, Сіздер ШҚМТУ білім беру портал арқылы онлайн-тіркеу үрдісін жасай аласыздар. Сіздерді қызықтыратын сұрақтарға жауаптарды университеттің Жастар ісі жөніндегі комитетінен ала аласыздар (Г-1-201 ауд., тел.: 540-048).