Құрметті жоғары сынып оқушылары!
Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ жоғары сынып оқушыларына
«Жас математик 2016» олимпиадасын өткізеді.

Олимпиада екі кезеңнен тұрады. Бірінші (іріктеу) кезеңі сырттай, екінші (соңғы) кезең. 

Бірінші (іріктеу) кезең - 18.03.2016-6.04. 2016 жылы. Қатысуға өтінім жібергендерге электрондық почтаға тапсырмалар жіберіледі. Орындалған тапсырмалар 2016 жылдың 6 сәуіріне дейін odp@ektu.kz электрондық адресіне жіберілуі керек.

Екінші (соңғы) кезең - 2016 жылы 9 сәуір күні Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да мына адрес бойынша өтеді: Өскемен қаласы, Серікбаев көшесі 19.

Олимпиадаға қатысу еркін және тегін.

Олимпиадаға қатысу үшін университет сайтында тіркеліп 1 - кезең тапсырмаларын odp@ektu.kz электрондық адресіне жіберіңіз.

«Жас математик 2016» олимпиадасының соңғы кезең жайлы қосымша ақпараттар университет сайтында орналастырылады.

«Жас математик 2016» олимпиадасын өткізуге жауапты Жоғары математика кафедрасы және жоғарғы оқу орнына дейінгі дайындық, университетке қабылдау және бітірушілерді жұмысқа орналастыру Басқармасы.

Тел: 8(7232) 540-285
8(7232)540-354