Академиялық апталық аясында Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ–да «Қазақ және орыс кафедрасы» «Латынграфикалы қазақ әліпбиінде жаза аласың ба?» атты ақпараттық-танымдық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты-жетілдірілген жаңа әліпбиді студенттерге, оқытушылар құрамына таныстыру, насихаттау болды. Ақпараттық сабақ Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының оқытушы – тренерлері Л.Қ. Абилмажинова мен Л.Ә. Қайдарованың қатусымен жүргізілді.

Сонымен қатар, гуманитарлық білім беру факультетіне қарасты «Абай» клубының әдеби қонақ бөлмесін ұйымдастырды. Оған Өскемен қаласының №2 орта мектебінің оқушылары қатысты. Мамандар университет қабырғасында ақынның шығармашылығын насихаттайтын жұмыстар жайлы ақпарат беріп, «Адам бол» курсының маңыздылығына тоқталып өтті. Факультеттің шет тілі кафедрасы бірінші курс студенттері арасында «Spelling bee» конкурсын өткізді. Нәтижесінде қатысушыларға сертификаттар табысталды. Бұған қоса, білім алушылар қызықты әрі танымды «TREASURE HUNTING» квест-ойынын ойнады.