15 наурыз күні Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ психологиялық қызметі «EKTU Otbasy» жобасы аясында оқытушылар үшін «Эмоционалды детокс» тренингін өткізді.
Оқу триместрі қарсаңында ШҚТУ психологтары қызметкерлермен алдын алу жұмыстарын жүргізді. Атаулы тренинг қатысушылардың тұншыққан көңіл күйлерін босатып, адамда қалыптасқан кері ұстанымдарды жіберуге жол ашады. Жүйке жүйесін қайта жаңғыртып, денедегі қысымды серпілтеді.
Тренингке қатысушылар бойларындағы ауыртпалықтарынан босап, жеңілдеп, студенттермен ары қарай жұмыс істеуге дайын екендерін айтты.