17 мен 22 ақпан аралығында «Қазақстан тарихы және саяси-әлеуметтік пәндер» кафедрасының ұйымдастыруымен 1,2 курс студенттері арасында ұлы ғұлама әл-Фарабидың  1150 жылдығына арналған «Рухани сергіту»  («Духовная разминка») атты іс-шара жүзеге асырылды. Рухани сергітер сәттің негізгі мақсаты - адамзатты өзінің үлгісімен шабыттандыратын, шынайы көшбасшының әлеуетін жүзеге асыруға ықпал ететін әл-Фарабидың рухани мұрасының мәнін студенттерге тереңірек түсіндіру. Іс-шараның басты міндеттері - жастардың санасында әл-Фарабимен насихатталатын жоғары адамгершілік құндылықтарды нығайту, әл-Фарабидың даналығына тереңірек үңілу. Бір апта бойы кафедра оқытушылары  өз сабақтары  барысында  ақпараттандыру жұмыстарын жүргізді. Кемеңгер тұлғаның өмірге деген көзқарастары, ғылымға құштарлығы, көптілді меңгеруі жайында әңгіме-пікірталастар ұйымдастырып, студенттерді қосымша аудио-видеолармен таныстырды. Студенттер  осы іс-шараның танымдық жағынан  мол маңызы бар екендігін атап өтті.