Қазан айының басында «Азаматтық бақылау» жобасы аясында Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ШҚО бойынша департаментінің қолдауымен IT колледж білім алушылары, ШҚТУ студенттері мен магистранттары арасында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында «Үздік бейнеролик» байқауын жарияланған болатын. Байқауға студенттердің жекелей және топтасқан жұмыстары ұсынылды. Бүгін сайыс өз мәресіне жетіп, жеңімпаздар анықталды.

Тартысты бәсекенің нәтижесі бойынша бас жүлдені Машина жасау мектебіның 17-ТЛК-1 тобының студенті, «Жемқорлық –түбі қараң» ролигінің авторы Мамырбек Шархан иеленді. Жеңімпаз өз жұмысында оңай жолмен «Жүргізуші куәлігіне» ие болып, жол апаттарына әкеп соқтыратын оқиға арқылы қоғамдағы жастар арасында кеңінен таралған басты проблеманы ашық көрсете білген. Сонымен қатар, автордың жұмысы «Азаматтық бақылау» жобасы аясында жастар арасында өткізілген «Парасатты қоғам» атты онлайн бейнероликтер конкурсына ұсынылып, арнайы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша Департаментінің арнайы диполмына ие болды.

І орынды Жоғарғы IT-колледжінің 19-ВТ-1р тобының студенті Кисилев Егор қанжығасына байлады. Оның «Скажи коррупции – НЕТ!» бейнеролигінде күнделікті тұрмыстағы парақорлық «дерті» баяндалған. Жұмыстың эстетикалық және этикалық талаптардан көрінуі ерекше бағаланды.

II орын Машина жасау мектебі 20-ТЛК-1 тобының студентті Альгужинова Мадинаға бұйырды. Мадинаның жұмысы креативтілігімен ерекшеленді. Әр адамға ой салар бейнеролик, универсиет өміріндегі жемқорлық салдарын да назардан тыс қалдырмаған.

Мазмұнды жұмыс ретінде бағаланған Жоғарғы IT-колледжі17-ОП-1к және 18-ОП-2к топтарының жұмысы ІІІ орынға ұсынылды. Топ студенттерінің бірлескен жұмысы, олардың белсенді, шығармашыл, интеллектуалды жастар екенін дәлелдейді.

- Кез келген байқау жастар үшін көп тәжірибе береді. Студенттеріміз белсенділік танытып, үлкен жауапкершілікпен қарағандары үшін қуаныштымын. Алдағы уақытта осындай байқауларда қатысушылардың саны артады деп үміттенеміз, - деді ШҚТУ бірінші проректоры Сәуле Рахметуллина.

Аталған байқау студенттерге әлеуметтік маңызы бар мәселені шешуге, сценарий, режиссура, әлеуметтік медиада аудиториямен жұмыс жасау және т.б. бағыттар бойынша тәжірибе жинауға мүмкіндік берді. Алдағы уақытта университеттіміздің белсенді және шығармашыл жастары тың идеяларымен сыбайлас жемқорлықпен күресуге ат салысып, «Идеялар фабрикасы» жобасы өз жалғасын таба бермек.