ШҚО-ға Австрия республикасының Федералды Штирия жерінің делегациясының іс-сапары өтті. Австриялық делегация облыс орталығына ресми іс-сапар барысында Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-ға келді. Дөңгелек үстел барысында екі жақ тау-кен ісі, металлургия, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау және материалтану салалары бойынша келісім мәселелерін талқылады. Іс-сапар соңында университеттің ғылыми-зертеу бөлімдеріне қонақтармен экскурсия жүргізілді.

Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің баспасөз қызметі