2017 жылдың 25 ақпан күні Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да Улан ауданның мектептерінің оқушыларына арналған «Ашық есік күні» іс-шарасы өтті. Іс-шараға ауданның 20 мектебінің түлектері келді.
Кездесу ОӘЖ жөнінідегі проректор Н.Н. Линоктың түлектерге арналған сөзімен басталды. Факультеттер мен мамандықтардың перезентациясын жасай отырып факультет декандары кездесуді жалғастырды. Жоғарғы техникалық колледжінің мамандықтары туралы колледж директоры Сағынғанов Е.К. айтып берді.
Ұлан ауданының тумасы, «Аспаптар жасау» мамандығының магистранты Садықов Бауыржан оқудағы және студенттік өмірдегі жетістіктерімен бөлісті.
Кездесу мамандандырылған дәрісханалар мен зертханаларға экскурсия жасаумен аяқталды.
Іс-шараны ұйымдастыруға және өткізуге белсене қатысқан оқытушылар мен университет қызметкерлеріне алғыс білдіреміз:
- Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ «Металлургия» ҒӨК – «Металлургия» ҒӨК басшысы Куленоваға Н.А., жетекші инженер Рассказовқа П.А., біліктілігі жоғарығы зертханашы Шушкевичке Л.В.
- «Аспаптар жасау және технологиялық үдерістерді автоматтандыру» кафедрасының оқытушылары Васьковқа Д.А., Титовқа Д.Н., Шарапиевке Т.С.,
- «Экономика және менеджмент» кафедрасының меңгерушісі Рахимбердинова Мадина Умаргалиевнаға,
- «Ақпараттық жүйелер және компьютерлік үлгілеу» кафедрасының меңгерушісі Кумаргажанова Сауле Кумаргажановнаға
- «Машина жасау және көліктік техника» зертханасының жетекшісі Завалко Александр Григорьевичке
- «Технологиялық машиналар және көлік» кафедрасының аға оқытушысы Роговский Валерий Владимировичке