2017 жылдың 20 сәуірінде «Химия, Металлургия және байыту» кафедрасында химиядан А.С.Куленовтың туылғанына 85 жыл толуына орай  «Теориялық және эксперименттік химия-2017» атты олимпиада өтті.

Олимпиадаға Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Техникалық Университеті мен С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің келесі мамандықтарының 1-3 курс студенттерінен  82 өтініш қабылданды.

  • 5В070900 – «Металлургия»;
  • 5В073700 – «Пайдалы қазбаларды байыту»;
  • 5В072400 – «Технологиялық машиналар және жабдықтар»;
  • 5В073100 – «Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау»;
  • 5В011600 – «География»;
  • 5В011300 – «Биология»;
  • 6В060600 – «Химия»;
  • 5В011200 – «Химия».

Осылардың ішінен 67 қатысушы тіркеуден өтті.

Теориялық турда олимпиаданың жұмыс ережелеріне сәйкес 67 студент  қатысты.

Теориялық турдың нәтижесі бойынша бірінші турдан жоғары балл алған 12 қатысушы эксперименттік турға жолдлама алды.

Эксперименттік турдың нәтижесі бойынша жеңімпаздар анықталды.

  • 1 - орын: Малинкин Александр - Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Техникалық Университетінің 5В073700 - «Пайдалы қазбаларды байыту» мамандығының 14- ОП-1 тобының 3-курс студенті.
  • 2 - орын: Васильев Кирилл - Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Техникалық Университетінің 5В073700 - «Пайдалы қазбаларды байыту» мамандығының 14- ОП-1 тобының 3-курс студенті.
  • 3 - орын: Коротков Алексей - С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің 5В011200 – «Химия» мамандығының УХМ-16А тобының 1-курс студенті.