«Мамандар жәрмеңкесі» жұмысында 66 ірі кәсіпорын, мемлекеттік мекемелерден, оқу орындарынан, орта және кіші бизнестен 100 шақты жетекшілері мен өкілдері қатысты.   Университеттен 68 бакалавриат және магистратура мамандықтары  бойынша 1000-ға жуық студент ұсынылды. Қатысушылар үшін жеке және топтық әңгімелесу үшін жұмыс аймақтары берілді.  Бұл іс-шара жас мамандардың жұмыс берушілермен тиімді әрекеттестік жасауға және кәсіпорындарға оқыту процессі мен студенттердің үлгерімі туралы нақты ақпарат негізінде сапалы қызметкерлерге ие болуына мүмкіндік туғызады.   

«Мамандар жәрмеңкесі» қорытындысы бойынша  жұмысқа қабылдау туралы  кәсіпорындармен, ұйымдармен 82 келісімшарт жасалды.  193 жас маман үшін әңгімелесу күтілуде. Университтеттің бітірушілеріне ірі кәсіпорындар «Казцинк» ЖШС, «УК ТМК» АҚ, «Казгипроцветмет» ЖШС, «БИПЭК-АВТО» ЖШС  қызығушылық танытты.

Жасалған мониторинг негізінде түлектердің жұмысқа орналасу деңгейі 82 пайыздан жоғары. ШҚМТУ-де бірнеше жылдан бері ірі кәсіпорындар тапсырысы бойынша мамандарды мақсаттық даярлау жүргізілуде.

Шара барысында 2017 түлектердің жобаларының, үлгілерінің, көрсетілімі болды.

 «БИПЭК-АВТО» ЖШС   «Үздік түлек »  атты қызметтік ойын ұйымдастырды.

ШҚМТУ жүйелі түрде еңбек нарығына мониоринг жүргізеді және мамандар даярлауда түлектердің қажеттілігі мен бәсекегеқабілеттілігін есепке алады.  Соңғы жылдары бұл жұмыс университетте оқу бағдарламасын ұйымдастыруда кешенді сипат алуда. Әр жыл сайынғы «Мамандар жәрмеңкесі»  жұмысқа қамтудың маңызды шарасы.

Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің баспасөз қызметі