Қ.И. Сәтбаевтің 120 жылдығына арналған «Қазақстанның жер қойнауы - елдің тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халықаралық ғылыми-техникалық конференциясы 2019 жылдың 12 сәуірінде Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде өткізіледі.
Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша ұйымдастырылады:
- Геология және жер қойнауын пайдаланудағы инновациялық тәсілдер;
- Минералды және техногенді шикізатты өңдеуге арналған заманауи және келешегі бар технологиялар;
- Экология және тіршілік қауіпсіздігі: қазіргі заманғы қиындықтар;
- Геодезия, жерге орналастыру, картография және кадастрдың қазіргі жағдайы мен даму келешегі;
- Академик Қаныш Сәтбаевтың рухани мұрасына қазіргі заманауи көзқарас.
Маңызды күндер:
- 24 ақпан 2019 жыл Конференцияға қатысу өтініштерін ұсыну және баяндама атауы .
- 10 наурыз 2019 жыл Мәліметтерді қабылдаудың аяқталуы
- 12 сәуір 2019 жыл Конференцияны өткізу
Қ.И. Сəтбаевтың 120 жылдығына арналған Халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференциясының материалы