2021 жылдың 8-9 сәуірінде Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай «Жастардың шығармашылығы - Қазақстанның инновациялық дамуы» студенттердің, магистранттардың және жас ғалымдардың VII Халықаралық ғылыми-техникалық конференциясы on-line ZOOM режимінде өткізеді.
Конференция бағдарламасында келесі отырыстар карастырылған: Пленарлық (конференцияның ашылуы, негізгі баяндамалар), секциялық (конференция қатысушыларының баяндамалары), қорытынды отырыс.
Конференцияның сайты: https://do.ektu.kz/studconf7
Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша жүргізіледі:
- Құрылыс және архитектурадағы инновация;
- Машина жасау, транспорт және агроөнеркәсіп саласындағы инновация;
- Тау кен-металлургия саласындағы көкейкесті мәселелер;
- Экономиканы басқару мәселелері қоғамның инновациялық дамуы;
- Білім, ғылым және техникадағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ);
- Энергетика, энергия үнемдеу және материалтану;
- Инновациялық процестердің дамытудағы әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар мен шет тілдерінің рөлі;
- Әскери ғылым және дене шынықтыру.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Конференцияның негізгі күндері:
- Конференцияның қатысушыларын тіркеу – 2021 жылдың 25 ақпанынан бастап;
- Конференция материалдарын қабылдау – 2021 жылдың 25 ақпанынан бастап;
- Конференция материалдарын қабылдауының аяқталуы - 2021 жылдың 15 наурызына дейін;
- Төлем жарнасын төлеу - 2021 жылдың 1 сәуіріне дейін;
- Конференцияның өткізілуі - 2021 жылдың 8-9 сәуір аралығында.
КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ Конференцияға қатысу үшін конференцияның https://do.ektu.kz/studconf7 веб-сайтына кіріп, тіркелу қажет.
Мақала, толтырылған өтінім және төлем түбіртегі 2021 жылдың 15 наурызынан кешіктірмей vkgtu-conf2020@mail.ru электронды поштасына жіберіледі.
Конференцияға қатысуға өтінім, баяндамалар материалдары (қоса берілген талаптарға сәйкес ресімделген, біздің университеттің авторларын қоспағанда), 2021 жылдың 15 наурызына дейін vkgtu-conf2020@mail.ru электрондық поштасына жіберулеріңізді өтінеміз.
Анықтама үшін телефон: 8 (7232) 26-91-68.