Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да 6D070300 – Ақпараттық жүйелер (салалар бойынша) мамандығы бойынша Бельгинова Сауле Аскербековна «Қан ауруларын диагностикалауда шешім қабылдауды қолдаудың ақпараттық технологиясын әзірлеу» тақырыбындағы PhD философия докторы ғылыми дәрежесін алу үшін докторлық диссертация қорғалады.
Диссертация Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің Ақпараттық технологиялар және интеллектуалдық жүйелер мектебінде орындалған.
Қорғау орыс тілінде өтеді.
Ғылыми кеңесшілер:
- Қалимолдаев Мақсат Нұрәділұлы – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Ақпараттық және есептеу технологиялары институтының бас директоры, Алматы қ., Қазақстан;
- Увалиева Индира Махмутовна – PhD докторы, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің Ақпараттық технологиялар және интеллектуалдық жүйелер мектебінің доценті, Өскемен қ., Қазақстан;
- Rustamov Samir – PhD докторы, ADA университетінің Ақпараттық технологиялар және инженерия мектебінің доценті, Баку қ., Әзербайжан.
Рецензенттер:
- Картбаев Тимур Саатдинович - PhD докторы, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, Алматы энергетика және байланыс университетінің Басқару жүйелері және ақпараттық технологиялар институтының директоры, Алматы қ., мамандық 6D070400;
- Молдагулова Айман Николаевна – физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының профессоры; Алматы қ., мамандық 25.00.30.
Қорғау 2019 жылдың 27 желтоқсанында, сағат 16.00-де Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ мекенжайында өтеді: 070004, Өскемен қаласы, Протозанов көшесі, 69, Г1-139.
Сайт адресі: www.ektu.kz, email: saule.belginova@mail.ru
Отандық ғылыми кеңесшінің пікірі
Отандық ғылыми кеңесшінің пікірі
Шетелдік ғылыми кеңесшінің пікірі
Жариялау күні: 25.11.2019
Жариялау күні: 31.12.2019