Жоба іске асырылатын конкурстың атауы: 2022-2024 жылдарға арналған «Жас Ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыру конкурсы
Жоба жетекшісі - Рамазанова Райгуль Амангельдиновна, Металлургия және пайдалы қазбаларды байыту мектебінің аға оқытушысы.
Идентификаторлар: Scopus Author ID: 57189047754, ORCID: https://orcid.org/0000-0001-6930-991X.
Жобаның зерттеу тобы
№ | ТАӘ | Жоба бойынша лауазымы | Сәйкестендіргіштері (Scopus Author ID, Researcher ID, ORCID, егер бар болса) және тиісті бейіндерге сілтемелері |
---|---|---|---|
1. | Рамазанова Райгуль Амангельдиновна | Жетекші ғылыми қызметкер | Scopus Author ID: 57189047754, ORCID: https://orcid.org/0000-0001-6930-991X |
2. | Серая Наталья Владимировна | Ғылыми кеңесші | Scopus Author ID: 57191626767, https://orcid.org/0000-0002-7991-9129, https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=57191626767 |
Жобаның аңдатпасы
Жобаның мақсаты - мырыштың гидрометаллургиялық өндірісінің шикізат базасын кеңейту, олардың экономикалық тиімділігі мен экологиялық қауіпсіздігін арттыру арқылы тотыққан мырыш кенінен мырышты күкірт қышқылымен ерітінділеудің перспективті технологиясын әзірлеу және физикалық-химиялық негіздеу.
Өзектілігі. Қазіргі уақытта әлемде бай тотыққан мырыш кенінің кен орындарының айтарлықтай мөлшері белгілі болып табылады. Бірақ бұл кен орындарының елеусіз бөлігі ғана өңделеді және бұл мырыш өндірісінің шикізат базасын қысқартады. Мырыштың сульфидті кендерінің сарқылу мәселесін ескере отырып, тотыққан мырыш шикізатын өңдеуді қарастыру өте өзекті мәселе болып табылады.
Зерттеу әдістері: Жоба қазіргі заманғы талдау әдістерін пайдалана отырып, тотыққан мырыш кенінің минералогиялық, химиялық және гранулометриялық құрамын анықтау үшін физика-химиялық зерттеулерді қарастырады: рентгендік дифракциялық, иммерсиялық, термогравиметриялық, сканерлеуші электронды микроскопия, спектрлік, химиялық, елеуіштік және т.б.
Жобаның күтілетін нәтижелері және алынған нәтижелері:
Жыл |
Зерттеу бойынша алынған нәтижелері. Жарияланымдар (оларға сілтемелері бар) мен патенттер; әлеуетті пайдаланушыларға арналған ақпарат. |
---|---|
2022 жыл |
|
2023 жыл |
|
2024 жыл |
|