2008 жылдан бастап қазақ, орыс тілдері және іс қағаздарын жүргізу кафедрасында «Руханият» ғылыми-практикалық орталығы жұмыс істейді.

«Руханият» - материалдық-техникалық базамен жабдықталған ғылыми-әдістемелік және оқу орталығы. Орталықтың кадрлық әлеуетінің біліктілігі жоғары: 1 ғылым докторы, 7 ғылым кандидаты, 7 ғылым магистрі. «Руханият» ҚҰП жоспары жыл сайын жасалып, бекітіледі.

Орталық білім алушыларға қазақ және орыс тілдерін оқытуда жаңа педагогикалық технологияларды зерттеу және тәжірибеде қолданумен айналысады.

Орталықтың негізгі мақсаттары мен міндеттері:

  • «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Тілдерді қолдану мен дамыту бағдарламасын іске асыру;
  • қазақ, орыс тілдерін және іс жүргізуді оқытудың лингвистикалық, педагогикалық-психологиялық, әдістемелік негіздерін теориялық және практикалық тұрғыдан зерделеу;
  • облыстық масштабта мемлекеттік тілді оқыту және іс қағаздарын жүргізу курстарын ұйымдастыру және нәтижелерге қол жеткізу мониторингін құру;
  • қазақ тілінің әлеуметтік-коммуникативтік қызметін кеңейту, қазақ, орыс тілдерінің сөйлеу мәдениетін жетілдіру, рухани-интеллектуалдық белсенділігін дамыту.

Орталықтың негізгі функционалдық міндеттері:

  • инновациялық технологияны пайдалана отырып, мемлекеттік және орыс тілдерін оқыту;
  • жаңа технологияларға сәйкес оқу-әдістемелік, электронды оқу құралдарын әзірлеу;
  • мемлекеттік тілде сауатты іс қағаздарын жүргізудің тиімді әдістерін айқындау.

Ағымдағы оқу жылында қыркүйек 2017-2018 ж. Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру саласында «Руханият» ғылыми-практикалық орталығы «Руханият» ғылыми-практикалық орталығының бекітілген Ережесі негізінде қазақ және орыс тілдерін оқыту курстарына тапсырыс берді. 66 білім алушы бітірді.

Орталық білім алушылардың мемлекеттік тілде және орыс тілінде кәсіби-коммуникативтік құзыреттілігін арттыру мақсатында қазақ тілі мен орыс тілдерін оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын зерттеу және тәжірибеде қолданумен айналысады, сонымен қатар ақылы білім беру қызметтерін көрсетеді.

Университет оқытушылары үшін ҚАЗТЕСТ қазақ тілі курстары ұйымдастырылды. 2018 жылдың сәуір айында мұғалімдер ҚАЗТЕСТ орталығында тестілеуден сәтті өтті.
2017 жылдың 28 қарашасында Тұңғыш Президент күніне орай «Әдемі сөйле, сауатты жаз» (латын графикасында) тақырыбында жалпы диктант өткізілді.