27.03.2017 ж. Д.Серікбаева атындағы Шығыс-Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің акт залында Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар орталығының және «Кaspi Bank» өкілдерімен кездесу болды. Кездесудің мақсаты – жоо, колледждердің, мектептердің түлектерін жұмыспен қамту шараларына белсенді қатыстыру.
Университет түлектерінің алдында Жұмыспен қамту орталығының қызметкері Маулитканова Жанар сөз сөйледі. Ол бос жұмыс орындары туралы, Жастар іс-тәжірибесі туралы айтты, және кездесуге қатысушылардың аймақтағы кәсіпорындарға жұмысқа орналасу туралы сұрақтарына жауап берді.
«Кaspi Bank» өкілі Айткенова Оксана «Кaspi -гид» атты жаңа жобаның басталғаны туралы айтты және барлық мамандықтардың түлектерін рессепшн, Кaspi-гид лауазымына конкурсқа қатысуына шақырды.
Жибек Нугуманова, Сауле Ахметова, ШҚМТУ Мансап орталығы