2021 жылдың 18 қыркүйегінде Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің № 1 және № 3-ші жатақханаларында тұратын барлық 1 курс студенттері үшін Өскемен қаласының көрнекті жерлерін аралату бойынша экскурсия ұйымдастырылды.

Экскурсияның мақсаты басқа өңірлерден келген студенттерді қала тарихымен, өнеркәсіп және мәдениет орындарымен таныстыру. Студенттер Жеңіс мемориалдық кешенін, Ғашықтар аллеясын, Арбатты, Қ.Қайсенов және Жамбыл парктерін аралап, фотсуретке түсіп, уақыттарын қызықты, әрі тиімді өткізді. Студенттерді тасымалдау үшін «Kazzinc» АҚ жайлы автобус бөліп, экскурсияның жоғары деңгейде өтуіне мүмкіндер сыйлады.

Экскурсияны Әлеуметтік-тәрбие жұмысы және азаматтық даму басқармасының қызметкерлері ұйымдастырды.