Құқықтық мәдениет деңгейін арттыру және құқық бұзушылықтың алдын алу Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің басты міндеттерінің бірі. Ағымдағы жылдың 17 қыркүйегінде Өскемен қаласының полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі О.Н.Рыспаев «Жастар қауіпсіздігі мәселесі» тақырыбында онлайн режимінде студенттерге дәріс оқыды. Кездесуді Әлеуметтік-тәрбие жұмысы және азаматтық даму басқармасы ұйымдастырды.

Кездесу барысында студенттер тақырыпқа қызығушылық танытып, сұрақтар қойып, кәсіби маманның тарапынан толыққанды жауаптар ала алды. Кездесу өте нәтижелі өтіп, өз мақсатына жетті.