Оқытушылар заманауи Қытай технологияларын қолдана отырып, автомобиль жасау туралы жан-жақты білім алып, бір ай тәжірибе жинақтап қайтты. Елге оралған мамандар алған әсерлерімен бөлісіп, атқарылған жұмыстар туралы айтып өтті.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Орталық Азия-Қытай" саммиті аясында Қытай Халық Республикасына жасаған сапары барысында мемлекеттік деңгейде ШҚО әкімдігі мен ҚХР Тяньцзинь қаласының халық үкіметі арасында "Лу Бань шеберханасын" құру туралы келісімге қол қойылды, сондай-ақ, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті және Тяньцзинь кәсіби институты да аталмыш шеберхананы құру туралы өзара келісімшартқа қол қойған болатын.

Бұл тағылымдама ЖОО-на оқытудың жаңа әдістерін енгізіп, білім беру сапасын жоғарылатып ғана қоймай, алған білімдерін ШҚТУ студенттеріне үйретуге айырықша мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Қазақстан мен Қытай арасындағы білім беру және технологиялар саласындағы ынтымақтастықты нығайтады.

ШҚТУ-да "Лу Бань атындағы шеберхананың" ашылуы автомобиль нарығы үшін білікті мамандарды даярлауды қамтамасыз ете отырып, Қазақстанда автомобиль саласын дамытуға ықпал ететін болады.