2009 жылы 2 желтоқсанда болған БҰҰ-ның алпыс төртінші бас ассамблеясында Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күрес күні бекітілді. 2009 жылы Қазақстанның бастамасымен БҰҰ Ассамблеясы 29 тамызды - Семей полигонының жабылған күні - Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күн деп жариялады. БҰҰ Бас Ассамблеясы бұл ұсынысты мақұлдап, арнайы қарар қабылдады. Күн кездейсоқ таңдалған жоқ. 1991 жылы дәл 29 тамызда Қазақстанда Семейдегі атышулы полигонды ресми түрде жабу туралы жарлық шықты.

Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күнді құру туралы бастаманы қырғи қабақ соғыс кезінде 450-ден астам ядролық жарылыс пен сутегі бомбасын сынаған Қазақстан үкіметі көтерді. Тек 14 жылдың ішінде (1949-1963 жж.) Семей маңында сыналған ядролық зарядтардың жалпы қуаты Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2500 есе асып түсті.

Әлемде ядролық сынақтардан қасірет шеккен халық кем де, кем. Сондықтан, жаппай қырып-жою қарулары болмасын деп тілейміз! Жер ана, көк аспан ашық болып, бейбітшілікке бекем болайық!