Қазақстанда электрондық оқытуды дамыту жобасы бес миллионнан астам адамды қамтымақ. Бұл жөнінде ҚР Үкіметінің мәжілісінде ҚР БҒ министрі Бақытжан Жұмағұлов хабарлады.
Бүгін таңда бұл жоба 581 ұйымды қамтып отыр. Білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға сәйкес 2015 жылға білім ұйымдарының 50 пайызын, ал 2020 жылға – 90 пайызын қосу қажет. Жоба оқушылар, ата-аналар, ұстаздар – барлығы 5 миллионнан астам адамды қамтиды. Электрондық қондырғы бала бақшадан бастап жоғары білім мен ғылымға дейін қолданылады.
Министр «e-Leаrning» жобасын енгізу жөнінде атқарылған жұмысты айтып, Үкіметтен оны енгізуді 2020 жылы емес, 2016 жылы аяқтау мүмкіндігін қарастыруды сұрады.