Апталық «Wirtschafts Woche» (ГФР) журналының шолушысы Флориан Виллерсхаузен мен фото тілші Нильвс Бреёр ШҚМТУ-ға келіп қайтты. Меймандарды проректорлар Николай Линок пен О.Гавриленко қарсы алды. Экскурсия барысында журналистер кітапханамен, «Іргетас» аймақтық зертханасымен танысты.
Флориан Виллерсхаузен Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ өте ұнағанын айтты.
Университеттің ғылыми деңгейі жоғары, зертханалары тамаша, әлеуеті жоғары екен, – деді ол. – Ең заманауи қондырғының зор мүмкіндіктері жайлы, онда жасалып жатқан зерттеулер туралы көріп білу аса қызық болды.