Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Астана күнін мерекелеу құрметіне облыс орталығындағы жоғары оқу орындарының ең үздік бітірушілеріне дипломдар табыстады. Соның ішінде, ғылым магистрі дәрежесін растайтын 30 дипломды Шығыс өңірі басшысының қолынан Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің магистратура бітірушілері алды. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев түлектерді құттықтап, оларға тәуелсіз Қазақстанның гүлденуі мен игілігі үшін таңдаған жолдан таймай, үлкен жетістіктерге және табыстарға жетуге тілек білдірді.