Жыл сайынғы «Ақылды Awards» жүлдесі - «Алтын белгі» белгісінің марапатына ықтимал үміткерлері Қазақстан мектептерінің оқушыларына бағытталған айрықша іс-шарасы өз мәресіне жетті.
Конкурстық комиссияның шешімімен Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ грантына келесі қатысушылар ие болды:
- «Бизнес - сәттілік» номинациясы бойынша - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы, А. Байтұрсынов атындағы №20 орта мектептің 11-сынып оқушысы Темирбекова Айша;
- «Бастаушы стратег» номинациясы бойынша - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы, №48 мектеп-қосымша білім беру орталығының 11-сынып оқушысы Айткеш Данял Болатбекұлы;
- «Біз болашақтың қаласын саламыз» номинациясы бойынша - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы, №1 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Гаврилова Марина Андреевна;
- «Энтузиаст Al tech» номинациясы бойынша - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы, Малоубинка ауылы, Малоубинка мектебінің 11-сынып оқушысы Анварбекова Карина Асхатовна;
- «ФИЗМАТ шыңдарын бағындырушы» номинациясы бойынша - Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы, Алтай қаласы, №7 орта мектебінің 11-сынып оқушысы Полионов Кирилл Петрович;
- «Жасыл және қауіпсіз әлем» номинациясы бойынша - Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы, Алтай қаласы, №9 орта мектебінің 11-сынып оқушысы Зарлықанова Асылай Табиғатқызы.
Алғаш рет оңтүстік өңірден қатысқан келесі қатысушыларға Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ гранты тағайындалды:
- «Біз болашақтың қаласын саламыз» номинациясы бойынша - Түркістан облысы Мақтаарал ауданы, Алаш ауылы, «Жас алаш» №14 мектебінің 11-сынып оқушысы Хабибова Гулноза Шухратқызы;
- «ФИЗМАТ шыңдарын бағындырушы» номинациясы бойынша - Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Қ. Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Жарасұлы Арсен.
Сонымен қатар шығармашыл бейнероликтері үшін келесі қатысушыларға Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-ға ақылы негізде оқуға түскенде бекітілген оқу ақысынан 50% мөлшерінде жеңілдікте берілді:
- «Бизнес - сәттілік» номинациясы бойынша - Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы, Сарыбел ауылы, Сарыбел орта мектебінің 11-сынып оқушысы Кожина Аделина Идеаловна;
- «Бизнес - сәттілік» номинациясы бойынша - Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы, Алтай қаласы мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Кәуенова Диана Болатқызы;
- «ФИЗМАТ шыңдарын бағындырушы» номинациясы бойынша - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы, Үлкен Қаратал ауылы, Қазақстан орта мектебінің 11-сынып оқушысы Рысбек Айдана Ыкыласқызы.