Ағымдағы жылдың 7 ақпан күні, сағат 14.00-де университетіміздің бас ғимаратының акт залында Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының Жастар театрының актерлерімен кездесу – Рухани мәдениет сағаты өтті, сондай ақ «Ұмытылмас күн» спектаклінің премьерасына орай қысқаша сахналық қойылым көрсетілді.

Іс-шараның мақсаты, Студенттердің бос уақытын  тиімді әрі пайдалы өткізуді ұйымдастыру, жастардың адамгершілік-рухани мәдениеті деңгейін арттыру.  

Кездесу соңында актерлер спектакль жөнінде өз ойларымен бөлісіп, студенттерді спектакльдің премьерасына шақырды. Студенттер актерлерге сұрақтар қойды, өнер жайында пікір алмасып, гитарамен әртүрлі жанрдағы әндерді бірге шырқады, кездесу көтеріңкі көңіл-күйде аяқталды.

Іс-шараны Әлеуметтік-мәдени қызмет және жастар саясаты басқармасы ұйымдастырды.