Біздің кафедра оқытушылары бірнеше жыл бойы Ресейлік АСКОН –ЖШС «АСКОН-Қазақстан» компаниясы өкілдерімен тығыз байланыста жұмыс істейді. Академиялық департамент жетекшісі Гүлжан Жексенбаевна Солтанның қолдауымен біздің кафедра 2010 жылы «Компас – 3D V11» лицензиялық бағдарламасын алуға келісім жасастық, ал 2012 жылы V11 версиясын одан өзекті V13 версиясына (V14-ке автоматты түрде жаңартылатын) жаңартуға, кафедраның он оқытушысын жүйе жаңалықтары бойынша біліктілікті көтеру курсын өтуге келісім жасастық. 

Автоматты жобалау жүйелерін  және жобалық мәліметтерді басқару жүйелерін жетекші құрастырушылардың бірі АСКОН компаниясы қыркүйек айында — біздің кафедра оқытушыларын «Машинажасаушы күні Асконмен бірге»  атты кәсіби семинарға қатысуға шақырды. Қалыптасқан дәстүрді бұзбай оқытушылар тағы да семинар жұмысына белсене ат салысты.

         «Машинажасаушы күні Асконмен бірге» Ресейдің 20-дан астам қалаларында, Украинада, Беларуссияда және Қазақстанда өтті:

  • Сейсенбі, 25 қыркүйек: Мәскеу, Запорожье, Сумы, Хабаровск
  • Сәрсенбі, 26 қыркүйек: Санкт-Петербург, Днепропетровск, Донецк, Ижевск, Казань, Курган, Минск, Нижний Новгород, Новосибирск, Омск, Пермь, Саратов, Тверь, Уральск, Өскемен, Уфа, Харьков, Чебоксары
  • Бейсенбі, 27 қыркүйек: Киев, Кривой Рог, Липецк, Луганск, Ярославль
  • Жұма, 28 қыркүйек: Владивосток, Набережные Челны

Биылғы жылы «Машинажасаушы күні Асконмен бірге» семинарына қатысушыларды  премьера күтіп тұрды! Өндірісті басқаруға арналған  ГОЛЬФСТРИМ  жүйесі атты компанияның жаңа өнімінің тұсаукесерін көрдік! Қазақстандағы АСКОН өкілдері жүйенің ерекшеліктері мен артықшылықтары жайлы, Ресейдің ірі компанияларында пилотты жобалар төңірегінде қолданылуы тәжірибелерін, өнім мүмкіншіліктерін көрсетті. 

 «Машинажасаушы күні Асконмен бірге» барысында КОМПАС-3D V14  үшөлшемді модельдеу жүйесінің жаңа версиясы және ЛОЦМАН:PLM, ВЕРТИКАЛЬ, КОМПАС-3D жүйелері  және Корпоративтік  анықтамалықтар негізінде бұйымдарды 3D-жобалау өтпелі технологиясына құлақтандыру жасалды,  алдағы уақыттарға жоспарлар аталды.

Осы шара барысында салтанатты түрде кафедра оқытушыларына біліктілікті көтеру жайлы куәліктер табысталды. 

Осы семинарды ұйымдастырушыларға үлкен алғысымызды білдіргіміз келеді. Болашақта да жемісті ынтымақтастықта боламыз деп үміттенеміз!

ascon1

Курсы повышения квалификации – август 2012

Ascon2

Семинар «День машиностроителя с АСКОН» - сентябрь 2012

ascon3

Вручение удостоверений о повышении квалификации

Доцент кафедры «ОД» Галина Мошнинова