2012 жылдың үшінші қазанында Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің математикалық және компьютерлік үлгілеу кафедрасы ЖОО-на дейінгі дайындау бөлімімен бірге, кәсіптік-бағдар жұмысы шегінде, ШҚО информатика мұғалімдерінің қатысуымен семинар-жиналыс өткізді.
Семинарға 30 мұғалімнен астам, соның ішінде, Өскемен қаласының облыс орталығынан ғана емес, Семей, Зырян, сонымен қатар, Ұлан, Аягөз, Катон-Қарағай, Көкпекті, Жарма сияқты аудан орталықтарының мұғалімдері де қатысты.
Семинарда ҰБТ-не дайындық, қашықтықтан оқытудың ерекшеліктері, мектеп оқушыларымен бірге ғылыми жобаларды әзірлеу бойынша сұрақтар талқыланды.
Семинар жұмысын ақпараттық технологиялар және энергетика факультеті деканының орынбасары Қрықпаева Ақлима Абеновна ашты. Өзінің сәлемдесу сөзінде, ол факультетте де, ЖОО-да сияқты білім сапасына үлкен ықылас толығымен бөлінетінін айтып өтті, сондықтан, факультет түлектері еңбек нарығында талап етілген.
Олардың басым көпшілігі Өскемен қаласының ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарында жұмысқа орналастырылған: «ҮМЗ» АҚ, «Қазмырыш» АҚ, ШҚ АЭК энергетикалық кешенінің кәсіпорындарында, Өскемен қаласының Жылу желілері.
ЖОО-на дейінгі дайындау бөлімінің бастығы – Манашева Венера Қайырдиновна қашықтықтан оқыту методикасы туралы айтып берді, ол өзінің сөз сөйлеуін ШҚМТУ туралы видеоматериалдарды көрсетумен аяқтады.
ЖОО-на қабылдау ережелері мен құжаттарды дайындау кезіндегі талапкерлерге қойылатын талаптар туралы Колпакова Валентина Павловна айтып өтті, ол көп жылдардан бері ЖОО-ның қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы болып жұмыс істейді.
Келесі кезекте, Ақпараттық жүйелер кафедрасының меңгерушісі - Денисова Наталья Федоровна және Математикалық және компьютерлік үлгілеу кафедрасының меңгерушісі - Рахметуллина Сәуле Жадыгеровна сөз сөйледі, олар кафедра мамандықтары бойынша қызықты ақпарат берді және мектептік ғылыми жобалау шегінде өздерінің ынтымақтастығын ұсынды.
Семинар барысында мұғалімдердің сауалнамасы өткізілді. Сауалнаманың негізгі мақсаты «МжКҮ» кафедрасымен өткізілетін, мектеп мұғалімдеріне арналған оқыту семинарында қарастыратын информатика бойынша өзекті тақырыптардың айқындалуымен қорытындыланды. Қонақтарға ШҚМТУ мамандықтары бойынша буклеттер, ШҚМТУ туралы видеоақпарат дискілері мен брошюралар сыйға тартылды.
Семинардың соңында МжКҮ кафедрасының оқытушылары Н.В.Воронина, Ш.Т.Тезекпаевамен ШҚМТУ бойынша саяхат ұйымдастырылды.
Қатысушылар «Iргетас» зертханасымен, «Үлкен Алтай» аймақтық геологиялық мұражайымен таныстырылды, олар «Бастау» орталығында, зертханалық корпуста болды. Саяхат «Алтай» технопаркінде аяқталды.
Болашақ студенттер, ең бірінші, өз мектептерінің қабырғаларында кәсіптік бағдар және талантты, ізденуші мұғалімдермен тығыз ынтымақтастық бағытын алады, сондықтан мұғалімдермен жұмыс істеу кафедраның, сонымен қатар, ЖОО-ы мен факультеттің де кәсіптік бағдар жұмысында маңызды орын алады.
Семинар қатысушыларға жақсы әсер қалдырды. Мұғалімдер өздерінің жоғарғы сынып оқушыларын біздің ЖОО-на саяхатқа әкелуге үлкен қызығушылық танытты.
Қош келдіңіздер!!!
С.Ж. Рахметуллина, Н.В. Воронина, Ш.Т.Тезекпаева.