«Шығыс Қазақстан өңірлік «Алтай» технопаркі» ЖШС жанындағы өңірлік инновациялар офисі Шығыс Қазақстан облысының мектеп оқушылары, колледж және ЖОО студенттері арасында үздік инновациялық жоба конкурсын «Жас инноватор», «Студенттің үздік инновациялық жобасы», «Оқушының үздік инновациялық жобасы» номинациялары бойынша өткізуі туралы хабарлайды.
Конкурсқа жаңа ғылыми, инженерлік, зерттеушілік және қолданбалы нәтижелері бар, өз бетімен орындалған инновациялық жобалар ұсынылады.
Конкурс ұйымдастырушысына ұсынылатын қажетті құжаттар тізбесі, сондай-ақ конкурсты өткізу тәртібі мен жағдайы vkrt.kz.веб-сайтының «Баспасөз орталығы» тарауының «Жаңалықтар» бөлігінде орналасқан ережеде баяндалған.
Конкурсқа қатысушылар конкурсқа қатысу өнімдерін конвертке салып, төмендегі мекенжайға ұсынады (жібереді): 070010, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Серікбаев көшесі 37, №302 кабинет.
Конкурсқа қатысу өтінімдерін ұсынудың соңғы мерзімі: 2016ж. 25 мамыр күні сағат 18-00-ге дейін
Байланысу телефондары мен электронды адресі: 8 (7232) 405-707, 700-102, 711-378, altaytechnopark@gmail.com