Достық үйінде - қоғамдық келісім орталығында 2016 жылғы 27 сәуірде «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы «Қазақстандағы толеранттылық: достық әлде шыдамдылық» атты дебаттық турнир өткізді. Дебаттық турнирге екі команда қатысты: Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ және ҚАЕУ командалары. Дебаттық турнирдің қорытындысы бойынша Д.Серікбаев атындагы ШҚМТУ командасы жеңіске жетті. Біздің команданың құрамында: Бәйтенов Жетібай (14-ВТК-1), Рустемов Әділбек (13-ОП-1), Ермұханбетова Баян (12-ПОК-1) болды. Студенттер тақырыпты қызу талқылап, өз ұстанымдарын дәлелдей алды. 14-ВТК-1 тобының студенті Бәйтенов Жетібай үздік спикер атанды. Жалпы дебат қорытындылары бойынша «Достық жеңіске жеткізді» деп мойындау керек! 

Наши победили

Барлық қатысушыларға сертификаттар берілді, ал жеңімпаздарға дипломдар тапсырылды. Сонымен қатар, екі команданың барлық қатысушылары бағалы сыйлықтарға ие болды. Аталған іс-шараның қонақтары: Стюарт Чен, АҚШ-тағы Буффало қаласы университетінің профессоры және оның қызы Джордан Чен болды, ол ҚАЕУ-нің ағылшын тілі оқытушысының ассистенті болып жұмыс істейді.

Дебаттық турнир ойдағыдай өтті. Айта кететін жәйт, бұл Достық Үйінің қамқорлығымен өткізілген алғашқы тәжірибенің бірі. Осы дебаттық турнирдің ерекшілігі - бұл үш тілдің де қолданылуы болды, студенттер ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде сөйлеп, бір тілден екінші тілге еркін түрде ауысып отырды. Тағы бір айта кететін жәйт, ШҚМТУ командасының және оларды қолдаушылар тобының құрамындағы студенттердің көбі «Soleil» студенттік клубының мүшелері болып табылады, онда олар ағылшын тілінде сөйлеседі.

Жеңіс құтты болсын! Жаңа табыстар тілейміз!