Қазақстан тарихы  және ӘСП кафедрасы, қазақ және орыс тілі кафедрасы, «Алтын бесік - Мұзтау», «Зерде», «Абай» студенттік клубтары 12 сәуір күні, Білім ордамыздың кітапхана залында - Ұлы Жеңіс күніне арналған «Батырлардың даңқы мәңгілік» атты шара өткізді.

Шараға 1941-1945 жылдары майданда қаза болған Аталар туралы мәліметтерді іздеуші, ерікті,  педагог, Бородулиха ауданының тумасы Байкенова Зауреш Ертаевна қатысты. Өзінің баяндамасында Ұлы Отан соғысына Қазақстаннан қатысқан майдангерлер туралы мәлеметтер іздеу жолдары туралы айтты. Сонымен қатар, Қазақстанда жасақталған әскери дивизиялардың батырлық ерліктері туралы баяндады. Қәзіргі кезде Павлодар, Семей, Өскеменде құрылған іздеу отрядтары туралы айта отырып, студенттерді іздеу жұмысына шақырды. 

Қалиева К.С. өз баяндамасында  аңызға айналған Қабанбай, Наурызбай, Барақ батыр сияқты батырлардың өшпес ерлігі туралы және Ұлы Отан соғысына қатысқан батыр ата-апаларымыз Бауыржан Момуышұлының, Мәншүк Маметова, Алия Молдағұлованың ерліктері туралы айта кетіп, өзінің атасы Адайқан Қалиұлы және оның іңілері Ұлы Отан соғысына аттанып із-түсіз жоғалғаны және жылдар бойы тынбай ізденістің арқасында ұрпақтары атасының қай жерде жерленгенін тауып, Псков облысы Великие Луки ауданындағы зират басына барып туған жерден бір ұыс топырақ апарып, құран бағыштағанын жеткізді.

Шара барысында кері байланыс жасалынды – студенттер «Адамдарға тарихи жады не үшін қажет?» атты шағын эссе жазды. Өздерінің шығармаларында адамдар өзінің тарихын, отбасы, ел тарихын білу тиіс, ата бабаларымыздың ерліктерін ұмытпау туралы жазды.

Жеңіс күніне арналған шарада студенттер өзінің шығармашылығын көрсетті: 22 ГТК-1 тобының студенті  Жапар Ернұр «Мен соғысты жек көремін» атты Қайрат Жұмағалиевтің өлеңің орындады, Әділ Ақбота өзі шығарған «Ұлы Жеңіске арнау» туындысын ұсынды, 22-мик-1 тобының студенті Саветқанова Арна Я.Френкель мен М.Бернестің «Журавли» әнің қазақ тілінде (аударған Жарқын Хабидуллина, Астана қ.) орындады.

Кафедра меңгерушісі Капасова Г.З., студенттік клубтардың жетекшілері Есимжанова Г.Т., Урюстюмова А.И. өздерінің сөздерінде осындай шаралардың жас ұрпаққа қажет екенің айтып, студенттерді іздеу топтарына қосылу туралы ескертті.

Шараны ұйымдастыруға көмектескен Әлеуметтік-мәдени қызмет и жастар саясаты бойынша басқармасына алғыс білдіреміз.