Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да университеттің  қамқоршылар кеңесінің  жаңа оқу жылындағы алғашқы мәжілісі болып өтті. Оны ашқан ШҚМТУ ректоры Нұрлан Темірбеков көптеген шетел оқу орындарындағы қамқоршылар кеңесінің маңызы туралы айтып, солардан үлгі алуға ұмтылу қажеттігіне тоқталды.

Проректор О.Д.Гавриленко алдағы ЕАТ-2013 халықаралық конференциясына дайындық туралы, проректор Н.Н.Линок 2013-2014 оқу жылына қабылдау қорытындылары, проректор Е.У.Рахметжанов жөндеу-құрылыс жұмыстарының жайы туралы хабарлама жасады.

Жарғыға сәйкес  қамқоршылар кеңесінің  жаңа төрағалығына «Казавтодор» РМК бас директоры Мереке Пшембаев, орынбасарлығына «Казавтодор»  РМК ШҚ филиалының директоры  Серік Актанов сайланды. Ректор кеңес мүшелеріне ЖОО-ның 55 жылдығына арнап шығарылған төсбелгілер тапсырды.

ШҚМТУ баспасөз қызметі