Жаңа оқу жылының алғашқы күндерінде Амберг-Вайден қолданбалы ғылымдар университеті (Германия) мен Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ арасында түсіністік меморандумына қол қойылды. Оған ШҚМТУ ректоры Н.Темірбеков, проректор Н.Линок, АТжЭ факультетінің деканы Ғ.Мұхамедиев, кафедра меңгерушісі Н.Денисова, ал немістер жағынан т.ғ.д., профессор Найля Лут қатысты. Ол ШҚМТУ-ға екінші рет келді, магистранттар мен докторанттарға дәріс оқиды, ғылыми зерттеулер жүргізіп, докторанттарға ғылыми консультант болады.
Найля Луттың көмегі арқасында «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының бір студенті мен бір магистранты Амберг-Вайден университетіне оқуға аттанады.
ШҚМТУ-дың баспасөз қызметі