5 мамыр күні Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да Ұлы Жеңіс күні мен Отан Қорғаушылар күніне арналған мерекелік концерт өтті.    

Концертті университет ректоры , профессор  Шаймарданов Жасулан Кудайбергенович ашты. Ол еліміздің халқы үшін осы күннің қаншалықты бағалы екенін және ҰОС-да Қазақстандықтардың рөлін атап өтті.

Концерт бағдарламасы өте қызықты әрі қанық болды. Студенттердің шығармашылық ұжымы жиналған халық пен ардагерлерді сахналық қойылымдарымен, әдеби монтаждарымен қуантты. Жарқын билер мен әскери тақырыптағы әндер де болды. Әскер жылдардағы деректі кадрлардан бейне көрсетілімдер көрсетілді. "Жеңіс күні"  әні студенттердің орындауында қорытынды нөмір болды. Бүкіл зал мерекелік әнге қосылып бірге шырқады.

Жанат  Намысбаева, ШҚМТУ баспасөз қызметі