2021 жылдың 09 желтоқсанында АҚШ Халықаралық даму жөніндегі агенттігінің (USAID) делегациясы және құрамында USAID "Орталық Азия энергетикасы" жобасы Серікбаев атындағы ШҚТУ-да болды:

  • Патрик Мэйер, Орталық Азиядағы Энергетика жобаларының жетекшісі;
  • Дәулет Ахметов, энергетика нарығы және таза энергетика жөніндегі аға сарапшы;
  • Егор Збродко, энергетика саласының маманы;
  • Ғалия Даниярова, қоғаммен байланыс және гендерлік мәселелер жөніндегі маман.

Кездесуге ШҚТУ тарапынан қатысты:

  • Наталья Денисова, ғылыми-зерттеу қызметі және цифрландыру жөніндегі проректор;
  • Тамара Сегеда, Атом және дәстүрлі энергетика технологиялары мектебінің деканы;
  • Александр Фафенгут, энергетика саласындағы құзыреттілік және технологиялар трансферті орталығының басшысы;
  • Валентина Колпакова, Су шаруашылығы және су пайдалану саласындағы құзыреттілік және технологиялар трансфері орталығының басшысы;
  • Виталий Зуев, сүйемелдеу және ақпараттық технологиялар басқармасының бастығы;
  • Алексей Джес, кәсіпорындармен ғылыми-өндірістік ынтымақтастық және ОКР енгізу жөніндегі орталықтың басшысы.

Университет бойынша таныстыру экскурсиясы барысында USAID делегациясы энергетика саласындағы құзыреттілік және технологиялар трансферті орталығына, су шаруашылығы және су пайдалану саласындағы құзыреттер және технологиялар трансфері орталығына, Жерді қашықтықтан зерттеу әдістері зертханасына, "Прототиптеу және Материалдарды өңдеу" ғылыми-өндірістік кешеніне, құрылыс және құрылыс технологиялары саласындағы құзыреттер орталығына, VERITAS біліктілік орталығына, "Үлкен Алтай" мұражайына, университет кітапханасына барды. Университетпен танысқаннан кейін кездесуге қатысушылар жаңартылатын энергетиканы, энергия тиімділігін дамыту бағытындағы ШҚТУ қызметін, қорытындылары, ағымдағы жай-күйі мен перспективалары туралы қысқаша ақпаратты талқылады, бұл бағыттарда проректор Наталья Денисова мен декан Тамара Сегеда баяндап берді.

Орталық Азиядағы USAID миссиясының энергетика жөніндегі жобалардың жетекшісі Патрик Мэйер 2020-2025 жылдарға арналған "Орталық Азия энергетикасы" жобасының мақсаттары, міндеттері және іске асырылуы, жобаның энергетикалық қауіпсіздік саласындағы ұлттық және өңірлік басымдықтарға қол жеткізуде Орталық Азия елдеріне беретін мүмкіндіктері туралы айтып берді. Сондай-ақ, Патрик университеттермен ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөлінетінін және қолдау көрсетілетінін, жаңартылатын энергетика мен энергия тиімділігін дамытуға байланысты бағыттарға техникалық және әдістемелік қолдау көрсетілетінін атап өтті, ШҚТУ-нің АҚШ университеттерімен энергетика бойынша ынтымақтастығын кеңейтуді ұсынды.

Дәулет Ахметов соңғы бірнеше жылда ШҚТУ-нің өсуі мен дамуын, 2015-2017 жылдары энергия тиімділігі бойынша бірлескен халықаралық жобаларды іске асырудағы ШҚТУ-нің табысты тәжірибесін, университеттің кейінгі жылдардағы жетістіктерін атап өтіп, нақты жаңартылатын энергетиканы дамыту қажеттігіне назар аударды, жоғары оқу орнының энергия тұтынудың интеллектуалдық желісін құру жөніндегі ұмтылыстары мен күш-жігерін, университет қызметінің көміртегі ізін азайту саласындағы зерттеулерге бағытталғанын оң бағалады.

Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар USAID миссиясының "Орталық Азия энергетикасы" жобасы шеңберінде ШҚТУ-мен таза энергетикамен, интеллектуалдық желілермен, энергия тиімділігімен байланысты бағыттардағы ынтымақтастығы туралы мүмкіндіктерді қарауға келісті.